Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қандай қолдау көрсетіледі? - MNU Newsroom
Чт. Ноя 21st, 2024
Фото: Qaz365.kz

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді өз қарындасының атына қор ашты. Ол қордың мақсаты зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға көмек көрсету болатынын айтты. Сөзінше, қарындасының өлімінен кейін оған көптеген әйелдер өз оқиғаларын айта бастаған. 

Астанада зорлық көрген әйелдер мен балаларға қолдау білдіретін «Қорғау» жеке қорының жетекшісі Анна Рыльдің сөзінше, Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандары көбейген. Оның пікірінше, бұрын тұрмыстық зорлық көп айтылмаған. Қазір бұл қоғамда ашық талқыланып жатқандықтан, дағдарыс орталықтарын іздеп келушілер көбейген. 

“Көмек сұрап келетіндер көп. Өте көп. Мысалы, кейінгі бірнеше күнде көмек іздеп келген 4 әйелдің үшеуі жүкті әрі тағы 1-3 баласы бар. Жүкті болып осындай жағдайға тап болатыны өте аянышты”, – дейді ол. 

Рыльдің сөзінше, “Қорғау” қорында былтыр зорлық көрген 220 адам уақытша паналап, көмек ала алған. Ал мекеменің фронт-кеңсесіне келіп, түрлі кеңес алғандар саны 1500-ден асқан. 

Қазір Қазақстанда зорлыққа ұшыраған адамдарға көмек беретін 49 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Онда жәбірленушілер психологиялық, экономикалық, тұрғын үйге қатысты және құқықтық көмек ала алады. Орталықтарда отбасылық мәселелер, ажырасулар, мүлікті бөлу бойынша да кеңес беріледі. 

Қазақстан қоғамында тұрмыстық зорлық-зомбылық кейінгі жылдары қызу талқыланып келеді. Әсіресе, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілініп, оның соты тікелей трансляциялана бастағаннан кейін мәселе актуалдығы қайта күшейді. 

Сарапшылар бұл кейс тек Қазақстан емес, өзге Орталық Азия елдеріндегі зорлықпен күресу жолындағы маңызды кейс деп біледі. Зорлық құрбаны болған Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді orda.kz тілшісіне берген сұқбатында бұл жағдай тұрмыстық зорлық-зомбылық жөніндегі заң жобасының қабылдануына ықпал еткенін айтты. 

Ол кейінгі күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өзіне хабарласып, көрген зорлықтары туралы айтатын әйелдер де көбейгенін мәлімдеді. Сол себепті де, ол Салтанат Нүкенова атындағы қор ашуды ұйғарған. 

15 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын заңға қол қойды. Бұл қоғамда “Салтанат заңы” деп аталып кетті. 

Ұлытау облысының мәслихат депутаты Еркебұлан Бодықовтың айтуынша, мәселені тереңірек қарастыру қажет. Отбасы институтын нығайту, адамдарды тәрбиелеу және агрессорлармен психологиялық деңгейде жұмыс істеу арқылы зорлық-зомбылықтың алдын алға болады деп есептейді ол. 

“Отбасы институтын нығайту қажет. Бәрі тәрбиеден басталады. Мұндай жаһандық мәселені шешу үшін басқыншыларды түрмеге отырғызу жеткіліксіз. Олардың психикасымен жұмыс істеуіміз керек”, – деді Бодықов. 

Айта кетсек, 2017 жылы #Metoo (Мен де) қозғалысы жыныстық қылмыс жасады деп айыпталған продюсер Харви Вайнштейнге қатысты жанжал кезінде кеңінен танымал болды. Дәл осы хэштегті белгілеп, әйелдер өздеріне қарсы жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы оқиғаларын жариялауды бастаған. Сарапшылар жаһандық #MeToo қозғалысы әйелдер құқығы үшін күресті жаңа белеске көтере алды дейді.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *