Дүй. Мам 20th, 2024

«MNU Newsroom – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің 04.10.2023 берілген № KZ15VPY00079008 куәлігіне сай қазақ және орыс тілдерінде жаңалық тарататын ақпарат қызметі ретінде ресми тіркелді.

Астана қаласы Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебі құрамындағы ақпарат тарату қызметі. Аталған медиа елорда және елдегі түрлі мәселелерді көтеріп, ақпарат таратуды мақсат еткен. Қызмет жыл сайын қыркүйек пен мамыр айлары аралығында жұмыс істейді. MNU Newsroom журналистері дайындаған мақалаларды редакцияға серіктес ретінде тіркелген түрлі қазақстандық медиа ресурстар өз платформаларында жариялай алады.

MNU Newsroom Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінің тарапынан ұйымдастырылды. Ол MNU жанында құрылғанымен университет әкімшілігі редакция саясатына араласпайды.

Редакция белгілі бір тақырып не мәселеге фокус жасамайды. MNU Newsroom журналистері саясат, экономика және қаржы мәселелерінен бастап әлеуметтік проблемаларға шейін көтере алады. Редакция түрлі билік тармақтарының өз міндетін атқаруына мониторинг жасап, жаңа реформаларды қоғам талқылауына шығаруды басты принцип ретінде ұстанады.

Редакция екі тілде жұмыс істейді.
Қазақ тілді редакциясының Бас редакторы – Жолдас Өрісбай, журналистика магистрі (Michigan State University)
Орыс тілді редакциясының Бас редакторы – Руслан Идрисов, журналист, Atameken Business телеарнасының бас-директор орынбасары, шеф-редакторы