Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Ойынқұмарлық ажырасудың басты себебіне айналып бара ма? - MNU Newsroom
Чт. Ноя 21st, 2024
Коллаж: egemen.kz

Қазақстанда ойынқұмарлықтың кесірінен отбасыларда жанжал туындап, ажырасу көрсеткіші артқан. Мамандар бәс тігуге тәуелді болған азаматтар ақшасы мен үйінен, мал-мүлкінен, кейін отбасынан айырылып жатқанын айтады. Ажырасудың басты себептері арасында ойынқұмарлық маскүнемдік кейін екінші орынға шыққан. Депутаттар қазір ойынқұмарлықты шектейтін заң жобасын дайындауда.

30 жастағы Батыс Қазақстан облысы тұрғыны Жалғас (есімі өзгертілген) 35 миллион теңгеден аса ақшасы мен өзінің және ата-анасының пәтерін ойынға тігіп, ұтылып қалған. Оның сөзінше, жұбайы мен балаларын да үйінен шығарып жіберген, кейін күйзеліске түскен.

Туыстарының үндеуімен оңалту орталығына барып емделген. Ол кейін Астанадағы “Soul clinic” менталды денсаулық емханасында 4 ай ем алған.

“Ол (Жалғас) жан дүниесі зардап шеккен, ойлау қабілеті мен мінез-құлқы бұзылған адам болатын. Қысқаша айтсам, 4 ай ем алғаннан кейін Жалғас алдына мақсат қойып, мәселелері мен қиындықтарын дұрыс жолмен шешуге тырысатын адамға айналды”, — дейді емхана өкілі Карим Марденов.

2018 жылы Денсаулық сақтау ұйымы ойынқұмарлықты патологиялық әуестік деп, дерт ретінде ресми тіркеді.

Ресми деректерге сүйенсек, құмар ойынға тәуелді қазақстандықтар саны шамамен 350 мыңға жуықтайды. Былтыр Қазақстанда казинолар мен букмекерлік кеңселердің жылдық қаржылық айналымы 1 триллион теңгеден асқан. Ал Қазақстандағы казинолар мен букмекерлік кеңселердің 1 күндік қаржылық айналымы 3,5 миллиард теңгеге жеткен.

Өткен аптада Атырауда өткен ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр құзырлы органдар интернет казино элементтері бар 4 мыңнан астам сайтты бұғаттағанын, бірақ ойынқұмарлық әлі де ушығып тұрғанын айтты

Ол қазір ойынқұмарлықты шектейтін заң жобасы парламентте қаралып жатқанын мәлімдеді. 

18 наурызда Қазақстан үкіметі құмар ойындарға тәуелді адамдар eGov Mobile қосымшасы арқылы бәс тігуден өзін-өзі шектей алатын қызмет түрін ұсынды. Ресми мәлімдемеге сәйкес, өтініш берген азамат есімі арнайы тізімге кіріктіріледі. Қазақстанда тіркелген ойын орталықтары сол тізімде бар азаматтардың бәс тігуіне мүмкіндік бермеуге тиіс. 

Психоаналитиктер бәс тігуге деген ұмтылыс қисынсыз шешімдер қабылдауға апарады дейді. Құмар ойынға бейім адамның ағзасында бәс тігер сәтте эндорфин, яғни бақыт гормоны бөлінеді. 

Ондайда адам өзін бақытты сезініп қана қоймай, жеңіс қуанышы мен толқу эмоцияларына беріледі екен. Ғалымдар мұны есірткі тұтынғандағы сезімге ұқсас екенін топшылайды.

Астаналық Асан (есімі өзгертілген) жалдамалы пәтердегі барлық жиһазды, телефонын, тіпті көлігін де тігіп жібергенін айтады. Сөзінше, бәс тігу үшін әйелінің сырғасына дейін сатып жіберген. Ойыннан ұтылып қалғандықтан, ішімдікке салынып, есірткі тұтына бастаған.

Ал оның әйелі наразылық танытқаны үшін қорлық көргенін айтып, күйеуін емдеуге тырысқанын жеткізді.

“Күйеуімді жақсы көргендіктен төзіп келдім. 2 ай оңалту орталығында жатып емделген болатын. Бірақ еш нәтиже шықпады. Қайта бастаған соң, 1 жылдан кейін оңалту орталығына қайта жатқыздық. Тағы да 2 ай жатып емделді. Бірақ ол өзгермеді. Әлі де артық ақша бола қалса, бірден барып тігеді”, — дейді Асанның әйелі.

Асанның әйелі ажырасуға енді дайын екенін және ойынқұмарлықтан жазылуға болады дегенге мүлдем сенбейтінін айтты.

Былтыр экс-премьер Әлихан Смайлов Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 40%-ы ойынқұмарлықтың кесірінен ажырасатынын мәлімдеді.

Мамандар ойынқұмарлықтан жазылуға кемінде 5 ай қажет екенін айтады. Қиын жағдайда ерікті түрде 5 ай оқшауда стационарлық медициналық көмек алып, 3 ай оқшаусыз амбулаториялық бағдарламадан өткені абзал.

“Ойынға құмар адамдарда бәс тігер кезде өзін-өзі сақтау инстикті болмайды. Эмоционалды интеллекті өте төмен болады. Психологиялық тұрғыдан зардап шексе, оны ойын, есірткі немесе ішімдік арқылы жазуға тырысады. Яғни, бұл жан ауруы”, — дейді “Soul clinic” емханасының өкілі Марденов.

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы жақында үкімет басшысына жолдаған сауалында 1 қазақстандықтың букмекерлік кеңселерге шамамен 10 миллион теңге қарыз екендігін айтып өтті. Депутаттың сөзінше, Қазақстандағы әрбір 10 ажырасудың 7-еуі — ойынқұмарлықтан.

Астанадағы «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының ақпаратына сенсек, Қазақстанда құмар ойындарына тәуелді жастар саны да артқан. Мәселен, 2022 жылғы зерттеуде жастардың 1,2%-ы құмар ойындар ойнайтынын айтса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 3%-ға жеткен.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *