Ат үстіндегі ем
Иппотерапия — жай ғана атқа міну емес, ол ереĸше қажеттіліĸтері бар адамдардың денсаулығын нығайтуға ĸөмеĸтесетін емдеу ǝдістерінің бірі. MNU Newsroom тілшісі Аружан Жанәділ бұл тәсілмен тереңірек танысу үшін «Арғымақ» атшабарына барып, фоторепортаж жасап келді.
Астана іргесінде орналасқан бұл ипподромға «ерекше» балалар аптасына бір рет келеді. Бірнеше сағат атшабардың ішін айналу оларға физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық жағынан да пайдалы.

Атпен емдеу әдісі балалардың бұлшықет тонусын реттейді. Аттың жүрісінде адам жүрісіне өте ұқсас ырғақты қозғалыстар бар. Ал бұл сал (ДЦП) немесе бұлшықет гипертонусы бар балалардың сіресіп қалған бұлшықеттерін босаңсытып, әлсіз бұлшықеттерін нығайтады.

«Оның үстіне аттың дене температурасы адамдікінен 1,5–2 градусқа жоғары. Атшабардағы қозғалыс кезінде жылқының дене жылуы баланың аяқ-қол бұлшықеттеріне массаж сияқты әсер етіп, қан айналымын жақсартады», — дейді осындағы мамандар.

Атпен емдеу әдісі бала бойында өзіне деген сенімділікті де арттырады екен. Үлкен жануарды тізгіндеген сәтте олар бойдағы қорқыныш сезімін басқаруға бейімделеді.


“Арғымақ” атшабарындағы дǝрігер Айгүл Хайруллақызының айтуынша,иппотерапия сабақтарын өтĸізу барысында ǝр балаға арнап, жеĸе оңалту жоспары беĸітіледі. Сонымен қатар, иппотерапия сабақтарының нǝтижелері халықаралық фунĸционалдық жіĸтеме негізіндегі бастапқы жǝне қорытынды тестілеу арқылы мұқият қадағаланады екен.

Ата-аналар да атпен емдеу әдісінің тиімді екенімен келіседі. Себебі кей аналар балаларындағы алғашқы өзгерістерді бірден байқаған. Бірі ұйқы мен тǝбеттің жақсарғанын айтса, енді бірі баланың бұрынғыға қарағанда емен-жарқын ĸүліп, жануарлардан қорықпай, үйренісе бастағанына қуанышты.
