Сәуір айының соңында өткен «Kazakhstan Fashion Week» шарасының контексі елдегі ұлттық киімнің заманауи стильге көбірек бейімделетінін көрсетті. Бұл дизайнерлердің киімді жаңа уақытқа бейімдеп, қолайлы етіп тігегуді ойластыруына негіз бола алады.
Адамзат өркениетінің дамуы барысында адамдар өздерін суықтан, ыстықтан және жаңбырдан қорғау үшін жануарлардың терісін жамылған. Уақыт өте келе, қоғам ілгерілеп, оның киімі де өзгеріп отырды. Ертеректе көбіне қорғану, жылыну мақсатында пайдаланылған киім үлгісі бүгінде сәнге айналып үлгерді.
Әр адамның жеке тұлғалық қасиетін оның киімі арқылы да анықтауға болады. Бүгінде киім үлгілеріне жеке тұлғаның ғана емес, тұтас бір ұлттың не өркениеттің белгілерін, тарихы мен мәдениетінің элементтерін енгізу негізгі фокусқа айналды. Қазақстанда да кейінгі жылдары ұлттық киім нақыштары трендке шығып үлгерді. Қазақстандықтар дәстүрлі киімдерін тек арнайы мейрамдарда емес, күнделікті өмірде тұтынуға бейімделе бастады.
Көптеген қазақстандық дизайнер өз топтамаларын жасау үшін дәстүрлі киімнен шабыт алады. ҚазҰӨУ-дің киім дизайнері факультетінің 4 курсында оқитын Нұргүлжан Қартаеваның ойынша, қазіргі жастардың киіну мәдениетінен ескі заман мен модерн стильдерінің бірігуін көре аламыз.
“Жас ұрпақ өз мәдениетін нео стилінің классикаға айналдыра алатындығына бейімдеген. Қазіргі ұрпақ үшін ата-бабаларымыздың қалдырған дүниелері үлкен маңызға ие және олар оны барынша сақтағысы келеді. Маған Білге қағанның сөздері ұнайды, дипломдық жұмысымды жасау үшін түркі руна жазбаларынан шабыт алдым”, – дейді Қартаева.
Жақында елде отыз төртінші «Kazakhstan Fashion Week» өтті. Осы іс-шараға Arunaz, AUGUST, Na Mi Lab брендтері, New generation финалистерінің ұжымдық көрсетілімі өз коллекцияларын көпшілікке ұсынды. Мәселен, ASSEL MEIRAM заманауи хан қызының бейнесін ашса, AUGUST этникалық мотивтердің прогрессивті заманауи гардеробтың бөлігі бола алатынын көрсетті.
Қазір жастар арасында Qazaq Republic және Alibekov сияқты брендтер жақсы танымал. Бұл брендтер ыңғайлы футболкалар мен ұлттық дәстүрдің үйлесімділігін көрсетеді.
Алайда, киім-кешектегі қазақ стилінің негізгі ерекшеліктері – ашық түстер, әсем өрнектер мен ою-өрнектер, сондай-ақ табиғи материалдардың пайдаланылуы. Қазақстанда өндірілген және тігілген киімнің бағасы әдетте қымбат.
Дизайнер Бақытгүл Көшербай ұлттық киімнің құны барлық материалдардың өзіндік бағасына байланысты екенін айтады.
“Ең басты мәселе – біздің өндіріс жеткіліксіз дамыған. Мата өндірісі жоқ, біз оны сырттан әкелеміз. Шикізатты іздеу, сатып алу құны қымбатқа түседі. Бізде тігіншілікпен айналысатын үлкен және кіші зауыттар өте аз. Тігу қымбатқа түседі. Сондықтан отандық өнімдердің бағасы жоғары”, – дейді ол жергілікті басылым тілшісіне.
Бұрын қазақтың ұлттық киімі кең әрі ыңғайлы болатын. Қазір киімдегі ыңғайлылық “трендке” айналып отыр. Оны “oversize” немесе “athflow” стильдері арқылы көруге болады.
Әлем туралы түсінік зооморфтық ою-өрнекте көрініс тапты. Қазіргі киімдерде қошқар мүйіз, түйетабан, сынық мүйіз, құсқанаты оюы жиі кездеседі. Бұл силуэттер мен ою өрнектердің барлығы көшпелі қазақтарға жақын болды және олардың әлемді түсінуінен туындады.
Central Saint Martins өнер және дизайн колледжінің студенті және әлемдік сән индустриясының тәжірибелі қызметкері Бауыржан Сағиевтің ойынша, дәстүрлі киім өз функционалдығын жоғалтты, бірақ дизайн тұрғысынан бұл киімдер әлі де бар. Ұлттық киімге белгілі бір сұраныс бар және ол қазір өсіп келеді.
“Біріншіден, бізде дизайнерлер саны аз. Екіншіден, сән әрқашан кейбір саяси не әлеуметтік процестерге жауап береді. Қазір біздің дәстүрлерімізді қалпына келтіру үшін Ресей мен Украина арасында болып жатқан соғыс аясында жалпы үрдіс жүріп жатыр. Дизайнерлер үшін үлкен қиындық ол ою-өрнектерге басқаша қарау. Өйткені ою-өрнектер қазақ мәдениеті негіздерінің бірі”, – дейді Сағиев.
Мамыр айында «Visa Fashion Week Almaty-2024» сән көрсетілімінің 9-маусымында модель қыздардың бірі “Jana Q kashan?” деген жазумен ортаға шықты. Бұл туралы “Qanaker” брендінің негізін қалаушы, сәнгер Алмас Керімбек ортаға айғайлап шыққан қызды екі ер адамның қолтықтап, подиумнан шығарып тастауын алдын-ала дайындалған қойылым деп түсіндірді.
«Сән – өмірдің өзі. Іштегі рух қапасынан еркіндікке ұмтылған мәдениеттің көрінісі. Ал өмір әділетсіздікке толы. Әділетсіздікке қарсылық – өнер. Сән де қарсы тұрады. Бұл топтамада қазіргі заман адамының ішкі бұлқыныстарын, рухының еркіндігін көрсеткіміз келеді. Бүлікшіл болу бүліну, қоғамды бүлдіру емес”, – деп жазды сәнгер.