Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Автобустағы еріктілер: емге деп жиналған ақшаның есебі бар ма? - MNU Newsroom
Чт. Ноя 21st, 2024
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Қазіргі кезде үлкен қалалардағы қоғамдық орындарда ақша жинап, мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген еріктілер жиі көзге түседі. Құқық қорғау органдары олардың қызметі тексерілетінін мәлімдеді. Еріктілердің жұмысына белгілі бір көлемде ақы төлеп отыратын қоғамдық қорлардың ақша айналымы ашық айтыла бермейді. Ал қор өкілдері заң аясында жұмыс істеп отырғанын алға тартады.

Астана қаласының Қонаев көшесі бойында келе жатқан №29 автобусқа қолында қорабы бар жас бала мінді.

“Сәлеметсіз бе, құрметті жолаушылар! Мазаларыңызды алсам, кешіріңіздер”, – деп бастады ол сөзін.  

Ерікті “Рухани бастама” қайырымдылық қорынан екенін, елордада церебральді сал ауруына шалдыққан 4 жастағы Қобыланды есімді балаға көмек жинап жүргенін түсіндірді. 

““Қазіргі уақытта Қобыланды есімді науқасқа көмектесіп жатырмыз. Сіздің әрбір 50 не 100 теңгеңіз оған көмектеседі, алдын ала алғыс айтамын», – деп өтініш білдіріп, сөзін қайырды. 

Жартылай бос автобустың ішінде қарт кісілер қолдарын созып, тиын берсе, ересектер мен жастардың кейібірі QR арқылы төлеп, аз да болса жанаршылық көрсетті. 

MNU Newsroom тілшісі мәселенің мән-жайын жақынырақ білу үшін еріктілердің бірімен тілдесті.

Церебральді сал ауруына шалдыққан балаға көмек жинап жүрген тағы бір еріктінің есімі – Айтбек. Жасы – 15-те. 

Жасөспірімнің айтуынша, жұмыс іздеп жүргенінде бір белгісіз адам қасына жақындап “Жұмыс істегің келе ме?” деп сұраған. Ол Айтбекке “автобустарды аралап, көмек сұрау керек, жинаған соманың 30 пайызын өзіңе қалдырасың” деген.

Беймәлім кісі Айтбекті кеңсесін ертіп апарып, қолындағы қорапты ашып, ішіндегі ақшаны санаған. Ондағы жиналған соманың үштен бірі шамамен 15 мың теңге шыққанын білгеннен кейін Айтбек жұмысқа келіскенін айтты. 

“Рухани бастама” қоры әлеуметтік желілерге күндік табыс “10-15 000 теңге аралығында” деген хабарландырулар арқылы да волонтерлерді жұмысқа тартады. Қордың Астанадағы өкілі Нұрсұлтан Тайбергеннің айтуынша, қазір қорда 3-5 ерікті бар.

“Жұмысқа кіргенде бірнеше автобусты аралап шықтым. Алайда, маған жұмыс ұнамады. Ештеңе істей алмаймын, бірақ ақша қажет болды. Жұмыс істеуге тура келді, сонымен 3 жыл бойы көмекке ақша жинап жүрмін”, – дейді Айтбек. 

19 қыркүйекте Парламент сенатының отырысында депутаттардың бірі ішкі істер министрлігінің өкілінен қоғамдық көліктерде ақша сұрайтын еріктілер туралы сұрады. Министрдің орынбасары Игорь Лепеха бұл мәселеден хабардар емес екенін айтып, олардың жұмысына тексеру жүргізетінін мәлімдеді. 

“Бұл жасөспірімдердің кім екенін, олардың артында кім тұрғанын анықтау үшін тиісті департамент басшыларына тапсырма беремін. Егер олардың артында біреу тұрып, осылай табыс тауып отырған болса, онда ол алаяқтық болады”, – деді министрдің орынбасары. 

Үкімет өкілі балаларды эксплуатациялау әрекеті анықталса, тиісті шаралар қолданылатынын айтқан. 

Фото: Махмуд Байходжаев

Ақша жинайтын қорлар туралы не белгілі?

Мәдениет және ақпарат министрлігінің MNU Newsroom редакциясына жіберген дерегіне сәйкес, қазір Қазақстанда 1529 қоғамдық қор тіркелген. Оның 113-і Астанада жұмыс істейді. Министрлік олардың қызметі «Қайырымдылық туралы» заңмен реттелетінін атап өтті. 

Алайда тіркелген қорлардың нақты нешеуі қоғамдық көліктерде қаражат жинаумен айналысатынын анықтау мүмкін болмады. 

Айтбек жұмыс істеп жүрген “Рухани бастама” қоры 2023 жылы Шымкент қаласында тіркелген. Қор жетекшісі мекеменің басты мақсаты “түрлі ауруға шалдыққан балаларға көмектесу” деп түсіндірді. Ол үшін қорды ұйымдастырушылар жасөспірімдерді қоғамдық транспорттарда ақша жинауға жалдайды.

Айтбектің айтуынша, еріктілердің басым бөлігін кәмелетке толмағандар құрайды. Ол жұмыс әсіресе жазда көбейетінін айтады. “Күзге қарай оқушылар мектепке баратындықтан, еріктілер саны азаяды”, — дейді.

Биыл наурыз айында шымкенттік қор Астана қаласынан кеңсе ашқан. Қордың Шымкенттегі негізгі кеңсесінің жетекшісі Сәуле Сәдуақасқызы кәмелетке толмаған балалардың жұмысқа тартылу себебіне қатысты сұраққа “осы жұмыс арқылы ақша құнын сезіне бастайды” деп жауап берді.

“Кешке түскен ақшаны санағанда, кейде 200 теңге, ал кейде 1000 теңге болып қалады. Сен осы ақшаны табу үшін қалай жүгірдің? Әке-шешеңнің ақшаны қалай тапқанын көрген бе едің?”, – деп сұрайтынын айтты Сәдуақасқызы.

Қор жетекшісінің айтуынша, волонтерлер ай сайын емес, күн сайын табысын алып отырады. MNU Newsroom сөйлескен Астанадағы үш қордан берген мәліметке сәйкес,  еріктілер жиған қаржының 20 пайыздан 40 пайызға дейінгі бөлігін алады. Қораптағы ақшадан бөлек, табысын есептегенде еріктілердің қанша сағат жұмыс істегені мен неше автобусқа мінгені де ескеріледі екен. 

“Рухани бастама” қорының Астанадағы өкілі Тайберген күндік табыс 40 не 50 мыңнан асатын болса, волонтердің табысына тағы 5 пайыз қосылатынын айтты.

Елордадағы “Мейірімділік жолы” деп аталатын тағы бір қор еріктілерге табысынан 20 пайызын төлейтінін атап өтті. Қор құрылтайшысы Ян Павловтың айтуынша, жиналатын барлық соманың 70 пайызы көмекке зәру балаларды қаржыландыруға, 20 пайызы еріктілерге, 5 пайызы қор қызметкерлерінің жалақысына, қалған 5 пайызы сыйақы ретінде еріктілерге жұмсалады.

“Оның бәрі бір айдағы табысқа байланысты. Бірақ, біз жарғысы бар ұйым болғандықтан, көмекке 60 пайыздан аз қаржы жібере алмаймыз. Бұл тікелей заңмен шектеледі”, – дейді Викторович.

Қайырымдылық қорлары заң бойынша жылына бір реттен сиретпей орындалған қайырымдылық бағдарламасы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында немесе қайырымдылық ұйымының интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

Есепте қайырымдылық бағдарламасын орындау шеңберінде жиналған кіріс пен шығын туралы қысқаша ақпарат қамтылуға тиіс.

MNU Newsroom тілшісінің “БАҚ немесе интернет ресурстары арқылы жылдық қаржы есебін жарияладыңыздар ма?” деген сұрағына Нұрсұлтан Тайберген “Ол дұрыс жүргізілмейді. Бізде СММ маманы жоқ” деп жауап берді.

“Негізі таратуым керек. Мен әлі оның есебін істей қылған жоқпын. Жақын күндері істеп, жариялаймын”, – деді қордың Шымкенттегі кеңсесінің жетекшісі Сәуле Сәдуақасқызы. 

Ол денсаулығына байланысты есеп беру мәселесі кешіккенін айтты. 

“Мейірімділік жолы” жеке қайырымдылық қорының директоры Илья Липский жазда Астанада түрлі қорлардың белсенділігі артатынын айтады. 

“Әр жаз сайын көптеген қорлар [Астанаға] келеді. Сіз олардың көбін білмейтін шығарсыз. Олар жеке тұлғаға пәтер жалдап, сол жерде ақшаны есептейді. Біз оларды “гастролер” деп атаймыз. Ауа-райы салқын бола түскенде, олар жоғалып кетеді”, – дейді жеке қор директоры.

Автобустарды аралап, ақша жинайтын волонтерлер мұндай жұмысқа түрлі мақсатпен келетінін айтады. Бірі ата-анасына жәрдемдесуді көздесе, тағы бірі көмекке зәру балаларға көмектескісі келгенін тілге тиек. 

Қор жетекшілерінің сөзінше, жұмыс барысында кәмелетке толмаған балалар әртүрлі оқиғаларға тап болады. Қорап ашық болған жағдайда, тонау қаупі де артатынын атап өтті.

“Ұрлық мәселесі болғанда біз полицияға барып, жеке тұлға атынан арыз жазамыз”, – дейді Ян Павлов.

“Мейірімділік жолы” қорының ресми сайты ашылмайды. Бірақ Instagram-аккаунтында көмекке зәру балалардың фото/видеолары жарияланған. Кей видеоларда ата-аналар қордың қанша қаражат бөлгенін айтып, алғысын білдірген. 

Коллажды жасаған автор

Волнтерлер жинайтын ақша науқас балаларға жете ме?

“Мейірімділік жолы” қайырымдылық қорының құрылтайшысы Ян Павловтың айтуынша, адамдар қоғамдық қорларға сене бермейді. Қордың жақында жүргізген қалалық сауалнамасы бойынша, қоғамның 20-30 пайызы қайырымдылыққа сенетін болса, қалған 60-70 пайызы қорларға күмәнмен қарайды.

“Біздің басты мақсатымыз – адамдарды үйрету. Адамға қайырымдылыққа атсалысуға мүмкіндік беру”, – дейді Ян Павлов. 

Павловтың сөзінше, “Мейірімділік жолы” қайырымдылық қоры бір жылда шамамен 90 миллион теңге жинаған. 

“Бұл үйлердің аралау арқылы, компаниялардың қолдауы және тағы басқасын қоспағандағы жиналған сома, яғни өтіп бара жатқан адамдардың қайырымдылығымен жиналған ақша”, – деді қор құрылтайшысы. 

Қор өкілі кейінгі үш айдан бері елордадағы Султана атты церебральді сал ауруына шалдыққан балаға ақша жинап жатқанын айтты. 

“Қайырымдылық жолмен қаражат жинауға [күнде] шамамен 5 пен 8 волонтер шығады. Қазіргі таңда [Сұлтанға] 1 миллион теңге жиналды”, – деді Павлов.

“Мейірімділік жолы” қайырымдылық қоры толық соманы жинап болған соң науқастарға банк арқылы жолдайды. Сосын оны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялайды.

Ал “Рухани бастама” қоры жиналған соманы көмекке зәру отбасына қолма-қол беретінін мәлімдеді. Бірақ әзірге оны дәлелдейтін видео не құжаттарын желілерде жарияламаған. 

Қор өкілі “Рухани бастамадан” көмек алған шымкенттік ананың байланыс нөмірін тілшіге берді. MNU Newsroom тілшісі қаражаттың мән-жайын білу үшін хабарласуға тырысып көргенімен, сөйлесу мүмкін болмады. Көмек алған азамат телефонын көтермеді. 

“Рухани бастама” қорының Астанадағы кеңсесінің өзге бір өкілі Маржан Нұрлыбаеваның сөзінше, қордан көмек алу үшін науқас баланың ата-анасы алдымен кеңсеге барып, арыз жазады. Арыз ішінде қанша сома не мақсатқа және қай күнге қажет екенін түсіндіреді. Нұрлыбаева “қор сол уақытқа дейін жиналған соманы қолына тапсыруға тырысады” деді. 

MNU Newsroom тілшісінің “Неліктен сіз жиналған ақшаны қолма-қол түрде бересіз?” деген сұрағына Маржан Нұрлыбаева “Бізге солай ыңғайлы. Дастархан жайып, әңгіме арасында қолма-қол ақша табысталғаны дұрыс. Банктен аударма жасағанша, дастархан басында, шақырып, көрсетіп берген жақсырақ” деп жауап берді.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *