Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәс тігуге цифрлық шектеу қою ойынқұмарлықты қаншалықты азайта алады? - MNU Newsroom
Чт. Ноя 21st, 2024
Фото: azattyq-ruhy.kz

Биыл құмар ойынға тәуелді азаматтар үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы бәс тігуден өзін-өзі шектей алатын қызмет түрі ұсынылды. Шектеуді тек құмар ойынға тәуелді азаматтың өзі қоя алады. Еске сала кететін жәйт, 18 наурызға дейін құмар ойындарға қатысуды шектеу қағаз форматында мүмкін болған. Жаңа енгізілген жүйе кейбір азаматтар үшін пайдалы болса, кейбірінің құмар ойыннан біржола бас тартуына бөгет бола алмай тұр. 

Түркістан қаласындағы 20 жасар Берік есімді азамат 2 ай көлемінде 20 миллион қарызға кіріп кеткенін айтады. Оның сөзінше, ол заң шеңберіндегі бәс тігу қызметтеріне де, заңсыз онлайн ойын түрлеріне салынған. 

“Шыны керек, 20 миллионға қалай батып кеткенімді өзім де білмеймін. Заңды да, заңсыз да сайттар арқылы ақша тігіп отырдым. Алған барлық айлығымды тіктім. Өзімді тоқтатуға деген бір талпыныс та болмады. Әрине, жасап жатқанымның дұрыс емес екенін білдім”, дейді ол. 

Берік кейінгі уақытта өте агрессивті ашуланшақ болып кеткенін айтады. Қазір ол таныстарына бережақ қарызын әлі де жабуға тырысып жүр екен.

18 сәуірде Қазақстан үкіметі eGov платформасы арқылы бәс тігуге ерікті түрде шектеу қою функциясын енгізді. Нақтырақ айтқанда, қазақстандықтар түрлі бәс тігу ойындарына тәуелділігін жоя алмай жатса, өзіне-өзі шектеу қоя алады. Шектеуге өтініш берген азаматтар тізімі Қазақстан территориясында істейтін бәс тігу платформаларына жіберіледі және олар тізімде бар азаматқа ойнауға мүмкіндік бермеуге тиіс.

Берік анасы өтініш айтқан соң, өзіне платформа арқылы шектеу қойғанын айтады. 

“Менің қарызға батып кеткенімді анам біліп қойған соң, қатты ауырып қалған болатын. Маған сол әсер еткен болу керек. Өтініш жіберген соң, менде енді бәс тігуге мүмкіншілік жоқ. Бірақ өзім сияқты достарым өзге адамның аккаунты арқылы болады деп мені әлі де бәс тігуге тартады. Бірақ мен ондай әрекетке бара алмаймын”, дейді Берік.

32 жастағы Азамат есімді елордалық кезінде құмар ойындарға әуес болғанын және әлі күнге дейін бас тарта алмағанын жасырмайды. Ол да өзін-өзі құмар ойындардан шектеу үшін өтініш берген. Бірақ оған отбасы түрткі болғанын айтады.

“Былтыр мен отбасымның мәжбүрлеуімен қағаз форматында өтініш жібердім. Жасыратын ештеңесі жоқ, бұл ешқандай әсер етпеді. Мен сонда да бәс тігіп жүрдім. Осы жылы наурызда eGov арқылы шектеуге болады деді… Оны өз еркіммен жібердім. Бірақ қазір мойындаймын, достарымның атынан бәс тігемін”, деді ол. 

Азамат бәс тігуге шынымен тәуелді болып қалғанын, бұдан түбегейлі бас тартудың оңай емесін тілге тиек етті. 

1 сәуірде eGov Mobile қосымшасы арқылы құмар ойындарға шектеу қою қызметін Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматы қолданғаны белгілі болды. Ал қағаз форматта 3 мыңға жуық адам бәс тігуден шектеу үшін өтініш жіберген екен.

22 сәуірде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстандағы ойын бизнесі туралы заң жобасы мақұлданды. Жобаға сәйкес, ойын бизнесін медиа ресурстарда, кино, бейне және анықтамалық қызметтерде жарнамалауға толығымен тыйым салынады. 

Дегенмен бумекерлік кеңсенің және тотализатордың орналасқан жерінде, спорт ғимараттарының ішінде, спорттық бағыттағы теле, радиоарналар мен интернет-ресурстарда жарнамаулауға рұқсат етіледі делінген. 

«Ешқандай танымал блогер немесе белгілі азамат әлеуметтік желілер арқылы букмекерлік кеңселерді, казиноларды жарнамалай алмайды. Олардың мұндай құқығы болмайды. ӘҚБтК — ге арнайы норма енгізіледі және 60 АЕК (2024 жылы 221 520 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделеді», дейді депутат Елнұр Бейсенбаев мәжілістің жалпы отырысында.

Бейсенбаевтың сөзінше, лудомания Қазақстанда суицид санының өсуіне әсер ететін факторлардың бірі. 2022 жылы мемлекеттік органдар суицидке байланысты 3670 іс тіркеді. Олардың әрбір бесіншісі құмар ойындарға байланысты екен

Заң жобасына енгізілген жалпы өзгерістер бойынша құмар ойындарға және бәс тігуге бұрынғыдай 21 жастан емес, тек 25 жастан бастап қатыстыру, кәмелетке толмағандарға құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салу көзделіп отыр. Сондай-ақ, борышкерлер мен кәмелетке толмағандардың ойнауына рұқсат бергені үшін заңды тұлғалар айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК (1,1 млн теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1 000 АЕК (3,7 млн ​​теңге) көлемінде айыппұл салынады. Шетелдік букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендердің интернет-ресурстарына қазақстандық лицензия болмаса, тыйым салынады. 

Заңгер Бауыржан Сералиннің сөзінше, құмар ойындарға тәуелділік мінез-құлықтың ауытқу түрі ретінде ресми түрде психикалық аурулардың қатарына жатқызылған екен. 

“Психиатрлар мен психотерапевтер қолданатын басты құжат бар, ол «Психикалық ауытқуларды диагностикалау және статистикалық есепке алу нұсқаулығы» деп аталады. Сонда барлық психикалық аурулардың түрлері сипатталған, лудомания осы жіктемеге ресми түрде енгізілген”, дейді заңгер. 

Сондай-ақ, Сералин жаңа заң жобасының негізгі мақсаты ойын бизнесіне деген талапты күшейтіп, азаматтарға құмар ойындардың қол жетімділігін қатаң реттеу және осы саладағы заң бұзушылық үшін жауапкершілікті ұлғайту екендігін айтады. 

“Бір жағынан, «Ойын бизнесі туралы» заң 2007 жылы қабылданған, ал «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заң 2016 жылы қабылданған болаты. Оларда электрондық казино және интернет-казино қызметіне 2007 жылдан бері тыйым салынған, басқа да тыйым мен шектеулар бар. Алайда уақыт көрсеткендей, осы заңдар лудоманияның дамуына төтеп бере алмай жатыр… Сонымен қатар, адамның ақша алу үшін қылмыс жасауға шешім қабылдауы және нәтижесінде түрмеге түсу қаупін арттырады”, дейді Сералин. 

Депутаттардың сөзінше, Қазақстанда шамамен 350 мың адам құмар ойынға тәуелді. Бірақ, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынған статистикасы бойынша, Қазақстанда 36 мың адам құмар ойынға әуес екен. Ресми деректерге сәйкес, “лудомания” деген психиатриялық диагноз тек 9 қазақстандыққа қойылған. 2023 жылы Қазақстанда казинолар мен букмекерлік кеңселердің жылдық қаржылық айналымы 1 трлн теңгеден асқан екен. Сондай-ақ, депутат Нартай Сәрсенғалиевтің  сөзінше, 2023 жылы құмар ойынды жарнамалаған 1783 интернет ресурс бұғатталған.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *