Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Киберпедофилия деген не және оның қаупі қандай? - MNU Newsroom
Чт. Ноя 21st, 2024
Фото: depositphotos.com

Киберпедофилия – әлеуметтік желілердің ықпалы артқалы қаупі күшейген мәселелердің бірі. Желіде балалармен хат алмасып, олардан порнографиялық материал сұрайтын педофилдер көбейіп кеткен. Бұл ретте әлеуметтік желілер кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

2024 жылы Тhe New York Times әлеуметтік желілердегі балалар қауіпсіздігі туралы зерттеуінде 5000 баланың әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізген. Нәтижесінде олардың 32 миллион оқырманы 18 жастан асқан ер азаматтар екені белгілі болған.

The New York Times жазуынша, кейбір ата-аналар балаларының ашық киімдегі суреттерін желі қолданушыларына сатқан. Редакция көптеген ересек азаматтардың балалар аккаунтарына жазылуы зорлыққа алып келуі ықтималы екенін жазады.

Америкалық басылым Telegram мессенджеріндегі топтардың бірінде ересектердің балаларды жыныстық зорлыққа қалай итермелейтіні туралы жазбаларға анализ жасаған. Олардың басым бөлігі балалар контентін Instagram желісінен алатынын білгілі болған.

2017 жылы 12 жастағы Аяжан (есімі өзгертілген) есімді астаналық Вконтакте әлеуметтік желісіне тіркеледі. Сөзінше, көп өтпей белгісіз азамат Аяжанның парақшасына жазылып, екеуі хат алмаса бастайды.

Белгісіз ер азамат әңгіме барысында манипуляция арқылы Аяжаннан интимді фото жіберуін сұраған. Манипуляция бопсалау мен қорқытуға жалғасқаннан кейін, Аяжан оны блоктап тастаған. Ол бұл туралы ата-анасына айтпауды ұйғарады.

Десе де, сол уақыттан бері 7 жыл өтсе де, бұл оқиға оның психикалық жағдайына, өзгелерге деген сеніміне әлі күнге дейін әсер ететінін айтады.

Бүгінде кәмелет жасқа толмағандарға мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы кибер қысым көрсету көбейген. Әдетте, ересек адамдардың желі арқылы балалармен хат алмасып, оларды жыныстық бопсалау киберпедофилия деп аталады.

Жыл басында Мексиканың бас прокуроры Facebook және Instagram желілерінің иесі Meta платформасы балаларға қатысты жыныстық зорлықтың өршуінен табыс тауып отырғанын айтып, айыптады. Прокурор Рауль Торрестің сөзінше, Meta балаларды зорлыққа итермелейтін қылмыстық топтарға ресурстарын жарнамалауға рұқсат берген.

Әлеуметтік желілерге тіркелу үшін баланың жасы 13-тен асуы керек екені белгілі. Instagram стандартына сәйкес, желіде жасөспірім ата-анасының құптауынсыз аккаунт аша алмайды. Алайда, кез келген 13 жасқа толмаған бала, тіркелу барысында өзінің туған жылын өзгертсе, әп-сәтте әлеуметтік желі қолданушысына айнала алады.

Бүгінде баланың жасын дәлелдейтін қосымша құжаттарды талап ететін әлеуметтік желілер жоқтың қасы. Қазақстанда жасөспірімдер Instagram, TikTok, Telegram, WhatsApp, ВКонтакте секілді платформаларға еркін тіркеле алады.

Бұған дейін, Қазақстанда кәмелет жасына толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне қатысты шаралар “Бала қорғау” жоспары аясында қолданылатыны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл жоспарға сәйкес Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу мәселесі көтерілген. Шараның іске асуы 2025 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланып отыр.

Аталған жоспар елдегі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқығын қамтамасыз ету мақсатында құрылып отыр. Оның ішінде киберпедофилия қаупі туралы айтылмаған.

«Әлеуметтік желілерге кіру мүмкіндігі бар балалардың барлығы педофилдермен байланысу қауіпіне ұшырайды. Әсіресе бастауыштағы балалар үшін аса қауіпті, себебі мұндай жастағы балалар педофилдердің мінез-құлқын жеткілікті деңгейде түсіне қоймайды», – деді елордалық психолог Инна Снегирева.

Снегиреваның сөзінше, егер бала тұйықталып, үйден шығуға қорқып, эмоционалды күйі өзгерсе, киберпедофилия әсерінен пайда болған психологиялық жарақат белгілерімен байланыстыруға болады.

Қарапайым TikTok желісіндегі мектепке дейінгі жастағы балалардың видеоларына қарағанда, видео астындағы пікірлер педофилияның қоғамдағы өзекті мәселе екенін көрсетеді. Мысалы, биыл 7-қаңтарда @cepatyangdapat аккаунтына салынған видеоның астында көбінесе ер-азаматтардың пікірлері педофилдік контекстте жазылған.

Психологтың айтуынша, желідегі педофилдер әдетте алдымен баланың сеніміне кіруге тырысады. Сосын порнографиялық материал алу үшін түрлі манипуляция әрекетіне көшеді. Ал бір фото не видео алып алған соң, соның көмегімен бопсалау басталады.

АҚШ мысалында, балалар порнографиясы кез келген түрде заңға қайшы саналады. Яғни, балалардың қатысуымен порнографиялық фотосуреттерді сақтаған азамат 5 жылға, оны таратқаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қазақстанның қылмыстық кодексінде киберпедофилия нақты категория ретінде қарастырылмаған. Әзірге, ол ҚР қылмыстық кодексінің 144-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнім жасауға, оны таратуға тарту 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қарастырылады.

MNU Newsroom тілшісі ішкі істер министрлігінен аталған категорияға қатысты статистика алуға тырысты. Бірақ жауап алу мүмкін болмады.

2023 жылғы деректерге сәйкес, 18 жасқа толмағандарға қатысты зорлық әрекеті үшін 352 адам бас бостандығынан айырылған.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *