Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолақысын төлемеу әдетке айналып кетті ме? - MNU Newsroom
Пт. Ноя 22nd, 2024
Фото: Kazpravda.kz

Елордада қоғамдық көлік жүйесін реттеумен айналысатын мекемелер автобусқа кететін шығын ақталмай жатқанын айтады. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері айтылып келе жатса да, жағдай әлі өзгермеген. City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәлімдеуінше, Астанада күніне 600 мыңнан астам адам қоғамдық көлік қызметін пайдаланады, бірақ оның 10-12 пайызы жолқысын төлемейді. 

Астана қаласында халық саны артып келеді. Соның есебінен кейінгі жылдары автобустағы жолаушылардың көптігі жиі байқалады. Ал CTS баспасөз қызметі жолақысын төлемейтіндердің де саны көбейгенін алға тартады.

“Кейінгі жылдары қоғамдық көліктерде жолақысын төлемейтіндер әлдеқайда көбейген. Мысалы, бір автобуста кейде ақы төлемегендер саны 20-ға жетеді. Мұнымен күресу үшін 2018 жылдан бері қалалық полиция департаментімен келісімге келіп, жолақысын төлемегендерге айыппұл салдыру үшін 102 нөміріне хабарласу жолға қойылды”, — дейді мекеме баспасөз қызметі. 

CTS дерегінше, жыл басынан бері жолақысын төлемеген 124 056 жағдай тіркелген. 5 614 азамат әкімшілік кодекстің 622-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылып, жолақысын төлеуден жалтарғаны үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.

Жыл басында салынған айыппұл мөлшері 41,5 миллион теңгеге жеткен. 2024 жылғы есеппен бір айлық көрсеткіш 3692 теңгені құрайды.

CTS компаниясын 2011 жылы Астана қаласы әкімдігі құрған және бүгінге дейін жалғыз құрылтайшысы саналады. 

Қаладағы қоғамдық көлік маршруттарын реттеуші компанияның мәліметінше, елордада орташа есеппен күніне 600 мың адамнан астам жолаушы қоғамдық көлікпен жүреді. Ал олардың шамамен 10-12 пайызы жол ақысын төлемейді.

Жолаушылардың төлем жасаудан жиі жалтаратынын автобус жүргізушілері де байқайтынын айтады. 

«Мен кешке дейін 5-6 айналым жасаймын. Бір айналым кезінде міндетті түрде бір рет тексеріс жүреді. Байқағаным, егер 10 адам кірсе, оның төртеуі анық төлемейді. Әрине, ол адамның өзіне байланысты. Мәселені шешу үшін заңды қатаңдату керек шығар», –  дейді №53 автобус жүргізушісі. 

Астанадағы қоғамдық көлікті ұйымдастыратын City Transportation Systems (CTS) компаниясы өкілі жаңа маршруттар енгізу үшін “негіз” керегін айтады. 

«Мамандар өз бетімен автобустарды қоса алмайды. Мұның бәрі негіздеуді қажет етеді. Мысалы, біз тасымалдаушыға «осындай автобус санын көбейту керек» деп айта алмаймыз. Біздің негіздеуіміз – статистикаға сүйену,  төлем неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп автобустар мен жаңа маршруттар пайда болады», –  дейді CTS баспасөз қызметі.

«Мен зейнеткермін. Менде жеңілдік бар. Автобусқа отырғанда карта болса басып жүремін, болмаса төлеймін. Көпшілік карта болғанның өзінде басуға ерінеді. Кейде жастар автобусқа мінгенде әдейі төлемей тұрғанын байқаймын», –  дейді елордалық зейнеткер Нәзипа.

Жолақысын төлемей, тексерушіге тап болғандар түрлі желеу айтуға тырысады. Мысалы, CTS-тің мәлімдеуінше, олар көбіне интернеті болмағанын, телефоны өшіп қалғанын, картасында ақша қалмағанын не уақыты болмағанын айтады. 

Елордадағы қоғамдық көліктерде жол ақысын карта, смс-хабарлама, QR-код арқылы не болмаса қолма-қол төлеуге болады. 

Қоғамдық көліктерде 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардар арнайы автобус картасын қолдану арқылы тегін жүре алады. Бірақ картасы жоқ кезде төлеуге міндеттеледі. 

«Жолақысын көбіне 35 жасқа дейінге жолаушылар төлемейді. Сонымен қатар, төлемейтіндер қатарында көлік карталарын жоғалтқан немесе валидация жасағысы келмейтін мектеп оқушылары мен зейнеткерлер де бар. Оларға жолақысы тегін болғанымен, валидация жасауы қажет», –  дейді «City Transportation Systems» ЖШС Көліктік бақылау департаментінің директоры Рашид Рахматулин.

Көлік бақылау қызметкері Бақыт Өтегенова айыппұл салғанның өзінде мәселе шешілмейтінін, одан аса нәтиже болмайтынын айтады.

«Күніне шамамен 40 автобусқа тексеріс жүргіземін. Жолаушылардың 30 пайызы тегін жүреді деп сенімді айта аламын. Біз олардың төлемегендерін байқап, ескерту жасаймыз. Бірақ айыппұл  салмаймыз, өйткені егер олар 90 теңгенің өзін төлей алмай жатса, айыппұлға ақшаны қайдан табады», –  дейді Өтегенова.

Оның ойынша, «жолаушылар ақы төлемей, тегін жүруін доғармайды».

Астанадағы қоғамдық көлікте жол жүру ақысы жақында қымбаттауы мүмкін. Астана қаласы әкімдігі жолақысын 90 теңгеден 110 теңгеге, ал қолма-қол төлемді 220 теңгеге дейін көтеру туралы қаулы көпшілік назарына ұсынды. Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *