Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Неліктен су тасқыны кезінде инфекция таралу қауіпі жоғары? - MNU Newsroom
Чт. Ноя 21st, 2024
Фото: Tengrinews.kz

8 сәуірде Денсаулық сақтау министрлігі кей аймақтарда тұрғындарға су пайдаланбауға кеңес берді. Мамандардың айтуынша, су тасқыны кезінде инфекция таралу қауіпі жоғарылайды. Сол себепті барынша жеке гигиенаны сақтауға шақырады.

Су тасқыны салдарынан үйлерді су шайып, адамдар баспаналарын тастауға мәжбүр болды. Ал бір жерден екінші жерге қоныс аудару инфекцияның таралуын жылдамдатады. Бұл тек су тасқыны кезінде емес, жер сілкінгенде де болады. Себебі апатты кездерде адамның жеке гигиенасы нашарлайды.

Әсіресе су тасқыны болған сәт қауіпті кезең саналады. Тасқын кезінде ағын судың сапасы нашарлап, қоқыс-қалдықтар мен өлген мал су бетіне шығады. 

Вирусолог Әсел Мұсабекованың айтуынша, тұрғын үйлерді, мектептер мен ауруханаларды су алғанда, саңырауқұлақ инфекциясы таралу қауіпі бар. Бұл әсіресе, иммун тапшылығы бар адамдар үшін аса қауіпті саналады. 

Қазақстанда әзірге су тасқыны салдарынан инфекция жұқтыру факті тіркелмеген. Дегенмен, мал өлімі артып, зираттар мен даладағы әжетханаларды су шайғаны белгілі. Бұл өз алдына түрлі вирустың таралуына алып келуі ықтимал.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, эколог Тимур Елеусизов үкіметке инфекцияның алдын алу үшін ұсыныс жолдағанын айтты. Оның сөзінше, суды арнайы қоймаларға жинау арқылы инфекция таралуының алдын алуға әрі суды кейін егінге пайдалануға болады.

“Суды кейін сақтау үшін ирригациялық арналар салып, арнайы қоймаларға жинау керек. Кейін оны егіншілікке пайдалануға болар еді. Бұл су тасқынын болдырмаудың жалғыз жолы”, — дейді ол. 

Қазақстанда су қаупі төнген аймақтардан көшірілгендер саны 100 мыңнан асып кетті. Олардың бір бөлігі туыстарының үйінде тұрып жатса, бір бөлігі үкімет ұйымдастырған уақытша паналау орындарында мекен етіп жатыр. 

Вирусологтар инфекция адам көп шоғырланған жерде таралуы жиілейтінін айтады. Эвакуацияланған азаматтар тар ортада бір-біріне жақын жерде ұйықтауға мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде түрлі микробтардың таралуын жылдамдатады. 

Мамандардың айтуынша, су тасқыны болған аймақтарда сібір жарасы, тырысқақ, ішек инфекциясы, А және Е гепатиті, дизентерия,норовирус, бруцеллез, туляремия, бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасы сияқты аурулар тарайды.

Ластанған судың салдарынан, ішек инфекциялары сияқты зоноздық аурулардың қауіпі артады. Сонымен қатар, сібір жарасының спораларын шығарып, таралуы мүмкін.

Жас Алаш газетінің жазуынша, су тасқыны басталғалы ғалымдар өңірлерде 7 мыңнан астам ауыз су сынамасын алған. Оның 900-і орталықтандырылмаған жүйелерден болған. Демек, тұрғындар тазартылған емес, өз бетінше қолданып келген құдықтар, бұлақтар мен колонкалардан су ішіп келген.  Соның ішінде 84-і тиісті нормаға сәйкес келметіні анықталып, тұтынуға тыйым салынған.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *