Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Мектеп оқушылары арасында буллинг неге көбейді? - MNU Newsroom
Чт. Ноя 21st, 2024
Фото: npr.org

Қазақстанда буллингке ұшыраған балалардың қатары аз емес. Кейінгі кезде мұндай жағдайға тап болған оқушылардың мәселесі қоғамда ашық талқылана бастады. Мамандар балаларға жасалған түрлі қысымның салдары оңай болмайтынын айтады. Құзырлы билік өкілдері мектептердегі буллингке ешқандай есеп жүргізілмейтініне қарамастан, мәселені бақылау алуға мүдделі.

Тараз қаласының тумасы Омар (есімі өзгертілген) буллингке бірінші рет ұшырағанда 7 сыныпта оқыған. Сөзінше, мектебіндегі жоғарғы сынып оқушылары оны дәретханаға шақырып алып, ақша бопсалайтын.  Омар “мұндай жиындар күнде өтетін, ақшасы жоқ балаларды үлкендер соққыға жығатын” деп есіне алады.

Ол анасы берген 500 теңгесін қорыққанынан сол жігіттерге беріп жүрген.

“Мектепке тіпті барғым келмейтін. Олар электрошокер, пышақ сияқты заттармен қорқытатын. Ешкім көмектеспейді, әркім өзіне жауап беретін”, – дейді жасөспірім.

Қазір Омар 14 жаста. Ол Тараздағы мектепте көрген қысымынан кейін ата-анасымен бірге Астана қаласына көшіп келген. Жасөспірім елордадағы мектебінде өзіне ешкім қысым көрсетпейтінін айтты.

Омардың сөзінше, ақша бопсалап қорқытқан оқушылар 9-10 сыныпта оқыған. Жоғары сыныптағы балалар ақша бопсалаумен шектелмейтінін, балағат сөздермен кемсітіп, психологиялық та қысым көрсеткенін айтады.

Есімін атағысы келмеген Омардың анасы баласының мінез-құлқынан еш  өзгеріс байқамағанын сөз етті. Әдеттегідей әдепті, сабырлы дейді. 

Анасы мұндай жағдай болып жатқанын ата-аналар жиналысында білген.

«Мектепке бір барғанымда мектептің инспекторына жағдайды айтпақшы едім, бірақ орнында болмады. Полицияға шағымданайын дегенмін, бірақ ол кезде мектеп әкімшілігі [буллинг көрсетті деп айыпталған] 7 баланы бақылауға алып қойыпты», – деді анасы.

Оның айтуынша, бақылауға алынған оқушылар ары қарай оқуын мектепте жалғастыра берген. 

Балалар құқығын қорғайтын UNICEF ұйымының мәлімдеуінше, әлемдегі балалардың үштен бір бөлігі мектепте буллинг көреді. Институт көбіне балалар отбасындағы әлеуметтік, экономикалық жағдайдың себебінен мұндай қысымға тап болатынын айтады.

Денсаулық сақтау министрлігінің былтырғы мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы балалардың 17,5 пайызы буллингке ұшырайды. Министрліктің сауалнамасына қатысқан оқушылардың 6,8 пайызы мектептегі өз қатарластарынан айына кем дегенде 2-3 рет қысым көретінін айтқан. 

Зерттеуге сәйкес, бұл көрсеткіш қыз балаларға қарағанда ұлдар арасында көбірек кездеседі. 

Фото: sobaka.ru

Қазақстанда балалар мен әйелдер құқығын қорғаумен айналысатын «НеМолчиKZ» қоры кейінгі жылдары мектептегі буллинг оқиғаларына қоғам назарын аудартып жүр. Мәселен, қордың жазуынша, қызын бір жарым сағат бойы жасөспірімдерден құралған топ соққыға жыққанын айтып, аналардың бірі көмек сұраған.

Буллингке ұшыраған балалардың бірі Ақжан 7-сыныпта біршама толық болғанын айтады. Жасөспірімнің сөзінше, мектептегі сыныптастары “Ақжанның бойы емес, салмағы өседі” деп мазақ ететін болған. 

“Кейде орындыққа отырайын деп жатқан сәтте мені құлату үшін орындықты алып тастайтын. Қаламның сиясын алып тастап, қағазды шайнап, сол қағазды қаламның сырты арқылы маған түкіріп, кемсітетін. Сыныптастарым мені 4-5 жыл шамасында күн сайын қорлап келді”, – деді Ақжан.

Елордалық Ақжан анасының қолдауымен психологпен жұмыс істеген. Ол соның арқасында бұл жағдайды басынан оңай өткергенін тілге тиек етті.

Балалар психологы Наталья Обердерфер “буллинг барлық уақытта болған, алайда қазір адамдар оған шыдап үнсіз тұра алмайды және топтық буллингті ашып айта алады” дейді. Психологтың ойынша, буллингке әдетте жүйке-жүйесі әлсіз әрі баяу дамыған балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар жиі ұшырайды. 

«Психолог ретінде, жұмысымда ең қиын жағдайлардың артында мектептегі кемсіту мәселесі тұр. Буллингті бастан кешірген балалардың психикасы эмоционалдық қысымға шыдамай, жабылып қалады. Буллингтің жеңіл салдары ретінде, адамдарың басқалармен сөйлеспей кетуін, жұмыста адамдардың алдында сөйлеуге қорқуын не өзгелермен қарым-қатынас құра алмауын айтуға болады», – деді психолог. 

Қазіргі кезде кибербуллинг те актуалды мәселеге айналып барады. Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын Қоғамдық денсаулықты сақтау ұлттық орталығының биылғы дерегінде Қазақстандағы әрбір сегізінші бала мектепте қысым көретіні жазылған. 

Елордадағы Алуа есімді жасөспірім мектептегі психологиялық қысымнан әкесінің өлімі үшін өзін кінәлап жүргенін айтады. Оған бір сыныптасы «әкең ұл баланы қалаған, сен үшін ұяттан қайтыс болды» деп мазақ еткен. 

«Басында дұрыс түсінбейтінмін, барлығымен бірге күліп жүрдім. Уақыт өте келе сөздерінің астарын түсініп, өзімді әкемнің өліміне кінәлай бастадым. Өзгелерден жабылып, ештеңе істегім де келмейтін», – деді Алуа.

Фото: massaget.kz

Қазақстанның өңірлерінде мектептердегі буллинг туралы оқиғалар ақпарат көздеріне жиі шығады. Оған Оқу ағарту министрі де дер кезінде назар аударып, мәселені шешуге тырысады. Мәселен, министр Ғани Бейсембаев Батыс Қазақстан облысына іс-сапармен барғанда өңірдегі әлімжеттік туралы жиын өткізген.

Биыл мамырда Оқу-ағарту министрінің орынбасары Еділ Оспан мектептердегі буллинг мәселесін есепке алып, бақылайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұған дейін ешқандай есеп жүргізілмеген. Себебі мектептегі буллинг әкімшілік не қылмыстық құқық бұзу ретінде саналмайды.  

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *