Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жолдар қаншалықты ыңғайлы салынған? - MNU Newsroom
Чт. Ноя 21st, 2024
Фото: centrtruda.com

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жол мәселесі әлі де өзекті. Кейбір ғимараттардың мүмкіндігі шектеулі жандар өтетін арнайы пандус жолдары стандартқа сай келмейді. Тратуар мен бордюрлардың қисынсыз құрылысынан бастап, қоғамдық қызмет көрсету орталықтарының кейбірі бұл санаттағы азаматтардың қалада емін-еркін жүріп-тұруына қолайсыздық тудырып отыр. Алайда билік өкілдері көпшілікке қолайлы жағдай жасау үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады.

Елордадағы №83 мектеп-лицейінің түлегі, денесі сал болып туған 19 жастағы Медел сабақты үйде оқыған. Өз бетімен жүре алмағандықтан, мектептегі кейінгі жылдарын қашықтан, яғни үйден оқып бітірген. Айтуынша, әркез қалаға шыққанда қозғалыс кезінде көптеп кедергіге тап болады. 

«Мен Шыңғыс Айтматов көшесінің қиылысында тұрамын. Жанұямызбен қалаға шыққан жағдайда, өкінішке қарай, мені ағам мен әкем көтеріп, арбамды бөлек әкетеді. Қаладағы қолайсыздықтың кесірінен арбаны сындырып алдық. Ол әлі жөнделмеді», дейді Медел. 

Медел 2022 жылы 11 сыныптың соңында ҰБТ тапсыруға Тәуелсіздік сарайына барған. Бірақ ғимарат лифті сол кезде істемей қалып, әуре-сарсаңға түскенін айтады. Ол шағын дүкен не кафе секілді қоғамдық орындарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалмағанын айтады. Сөзінше, тіпті кейбір емханалардың ғимаратына кіре алмай қалған кездері де болған.  

Мұндай қиындықтарға Астанада және өңірлерде мыңдаған қазақстандықтар тап болады. Кейде олардың әлеуметтік желілерде көтерген мәселелеріне жергілікті әкімдік құлақ салып, оңтайлы жағдай жасауға тырысады. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің былтыр жасаған мәлімедемесіне сәйкес, Қазақстанда 711 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның шамамен 35 мыңы Астана қаласында тұрады. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы инфрақұрылым мен нысандардың шамамен 80 пайызы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы етіп салынбаған. Ал қалған 20%-да біршама қолайлылық бар. 

Урбанист Данияр Шыңдалиевтің ойынша, үкімет мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы инфрақұрылым салғанымен, ол көп өтпей бұзылатынын айтады. Оған жаңбыр не қар суын кетіру жүйесі болмауы себеп деп есептейді.

«Нөсер суы кететін құбырлар кейде төтеп бере алмай, бұзылады. Сондай-ақ қатты жауын-шашын кезінде шалшықтар пайда болады. Көгалдандыру кезінде тротуардың деңгейін көтеруді қамтамасыз ету қажет. Көтерілген жаяу жүргіншілер жолы сапасыз құбыр жүйесі салдарынан беткейлерде шалшықтардың пайда болуына себеп болады», деді Астана қаласы әкімдігіне қарасты Урбанистика орталығы жетекшісінің орынбасары Данияр Шындалиев.

Астана қаласы көлік қатынастары басқармасы өкілі MNU Newsroom тілшісіне өткен аптада елордалық бір азамат жол белгілеріне қатысты шағым түсіргенін мәлімдеді. Дерекке сәйкес, азамат мүгедектерге қарапайым адамарға ұқсас нормаға сай емес белгілер орантылған деп шағымданды. Әкімшіліктің өкілі өтініш бойынша іс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

«Кедергісіз орта құру үшін арнайы бюджет жоқ. Әрбір жоба жеке саналады және кедергісіз өтулерді салуға арналған сомалар жобаның қажеттілігіне қарай есептеледі. Мысалы, 1 шақырым көшені абаттандыру кезінде көтерілген 10-12  жаяу жүргінші өткелі қажет болуы мүмкін. Бірақ саябақты абаттандыру кезінде 3-4-і ғана ескеріледі. Бюджет бір бөлікке немесе бағытқа емес, бүкіл жобаға бөлінеді», — деді Шындалиев. 

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *