Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Елде жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі әлі де өзекті - MNU Newsroom
Чт. Ноя 21st, 2024

Қазақстанда 10 мен 19 жас аралығындағы жастар өлімінің негізгі себебі суицидпен байланысты екені анықталған. Ranking-тің статистикасына сүйенсек, елдегі балалар суицидінің көрсеткіші 2023 жылы 3,4% өскен. Психолог мамандар бұл өсімді отбасылық мәселелермен байланыстырады.  

Н. есімді азаматша – Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev University-дің 2-курс студенті. Оның жасы 19-да, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алады. Бірақ 7-сыныптан бастап оны суицидке итермелейтін ойлар жиі мазалап жүргенін айтады. 

“Біздің отбасыда бес бала бар, мен үлкенімін. Ата-анам таңнан кешке дейін қызметте жүргендіктен барлық жауапкершілік менің мойнымда болды. Яғни сабақ, үй шаруасы, бала тәрбиесі – бәрімен мен айналыстым. Өзім де бала бола тұра көп нәрсеге жауапты болғандығымнан, жетінші сыныпта апатия басталды. Әсіресе жеті, сегіз және тоғызыншы сыныптарда менде өте ауыр депрессиялық кезең болды”, — дейді ол. 

Wisevoter ұйымының дерегінше, 2023 жылы Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемнің 178 елінің ішінен 19-орынға орналасты. Бұл елдегі әр 100 мың адамға шаққанда шамамен 17,6 адамға тең келеді.

Н. есімді студент депрессиялық кезеңнің әлі күнге дейін жалғасып жатқанын айтты. Дегенмен, оның сөзінше, қазіргі жағдайы салыстырмалы түрде жақсырақ.  

“Сол кездері қатты шаршап жүрдім. Ата-анамның қолы босамаған соң маған еш көмек көрсете алмады. Кейін далаға жиі серуенге шығып жүрдім. Бұл маған үйдегі шаруаны уақытша ұмытуға жақсы көмектесті. Сонымен қатар жақын достарыммен сөйлестім. Түрлі сериал мен фильмдер көру арқылы назарымды басқа жаққа аудардым. Спортпен де айналыстым. Жалпы, денсаулығымды күттім”, — деді азаматша.

Ranking мониторингтік жобасының мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында елдегі суицид саны 3,4 пайыз өскен. Ал жасөспірімдердің суицид әрекеті 30 пайыз көбейген. Аталған он айдың ішінде кәмелет жасқа толмаған 169 қазақстандық өмірден өтті. Олардың 27,8 пайызы (47 жағдай) 5 пен 14 жас аралығындағы балалар болса, 72,2 пайызы (122 жағдай) 15-17 жастағы жасөспірімдер екені белгілі болып отыр.

Алматы қаласының “Парасат” мектебінде практик-психолог болып жұмыс істейтін Айғаным Қуатқызы жастар арасындағы суицидтің таралуының негізгі себебі ретінде ата-анамен байланыстың төмендігін атады.

“Ата-ана балаға көңіл бөлмейді, баламен бірге уақыт өткізбейді, онымен сенімді қарым-қатынас орнатпайды, жақсы көретінін де айтпайды. Мұның кесірінен бала өзін қажетсіз сезінеді, нәтижесінде суицидтік ойлар қалыптасады. 92 пайыз жағдайда ата-анамен дұрыс байланыстың орнатылмауы суицидтің негізгі себебі болады”, — дейді ол.

Ranking статистикасы бойынша, суицид жасағысы келгендер саны да көбейген. 5 пен 18 жас аралығындағы қазақстандықтардың бұл әрекеті 17,8 пайыз өсті. Яғни, 2022 жылы 253 жағдай тіркелсе, 2023 жылы 298-ге жеткен.

Мәлімдемеде ер балалар қыз балаларға қарағанда жиі суицид жасайтыны айтылған. 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында тіркелген 169 суицид әрекетінің 68 пайызы (115 жағдай) ер балаларға қатысты. Ал 54 жағдайда суицид жасаушы қыз бала болған.

Айғаным Қуатқызы жасөспірімдер арасындағы суицидтің қосымша себептері ретінде әлеуметтік желілердің әсері мен баланың қоғамда орнын таба алмауын атап өтті.

“Жасөспірім кезеңінде балалар өте еліктеуіш болады. Желіде олардың сеніміне кіріп, интимдік суреттер сұрап, кейін бопсалайтын алаяқтар өте көп. Ата-анамен дұрыс байланыс болмаған кезде бала көмек сұраудан қорқып, кейін суицид жасауға шешім қабылдайды. Сол сияқты үйде мейірім көрмеген бала, қоғамнан да мейірім көрмейді. Яғни, дос таба алмайды, өзін әрқашан сенімсіз сезінеді. Мұндай әлсіз балалар әсіресе буллингке көп ұшырайды. Сондықтан өздеріне қол жұмсайды”, — дейді психолог.

Біріккен Ұлттар Ұйымы балалар қорының (UNICEF) дерегінше, Қазақстанда 15 пен 19 жас аралығындағы ел азаматтарының өлімінің негізгі себебіне суицид пен жол-көлік оқиғалары жатады.

Осыған қатысты биыл ақпан айында ЮНИСЕФ өкілі Парламент Сенатында  “Демографиялық өсім – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі” тақырыбында сөз сөйледі.

“Елде 15 пен 19 жас аралығындағы жастар өлімінің басты себебі суицид болса, екінші себебі – жол-көлік оқиғалары. Ал 10 мен 14 жас аралығындағы балалар өлімінің себебі алдымен жол апатына байланысты болса, содан кейін суицид кіреді”, — деді ол.

Психолог Айғаным Қуатқызының айтуынша, бала ең алдымен өзін қажет сезінуі керек. Яғни, ата-анасы оған әрқашан көңіл бөліп, қолдау көрсетіп, жақсы көретінін сөз және әрекет арқылы жеткізсе, ол бала өзіне қол жұмсамайды.

“Маслоудың қажетсіну пирамидасы бар. Сол пирамиданың төменгі жағында “қауіпсіздік сезімі” деген бөлім бар. Осы қауіпсіздік сезімін ата-ана балаға бере алатын болса, ондай бала суицид туралы ойламайды. Ол үшін ата-ана алдымен өзін-өзі тәрбиелеп алуы керек. Яғни, жасөспірімдер туралы көп оқып, ізденіп, мінез-құлқын зерттеуі керек. Соны білу арқылы ата-ана балаға қысым көрсетпейді, оны түсіне бастайды”, — дейді Қуатқызы.

Сонымен қатар, психолог суицидтік ойы бар баланың энергиясы болмай, ұйқысы мен тәбеті бұзылып, өзін үнемі кінәлі сезінетінін айтады. Соның салдарынан балада қорқыныш, үрей және агрессиялық мінез-құлық пайда болады. Сәйкесінше, бұл орнын толтыру мүмкін емес әрекетке алып келу ықтималдығы жоғары. 

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *