Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандықтар еңбек эксплуатациясына жиі ұшырай ма? - MNU Newsroom
Чт. Ноя 21st, 2024

Қазақстанда еңбек кодексінде апталық жұмыс ұзақтығының шегі 40 сағат деп көрсетілген. Қазақстан азаматы одан көп істесе, артық сағатына үстемақы төленуге тиіс. Алайда елдегі жұмысшылардың кейбірі белгіленген мөлшерден көп уақыт еңбек етсе де, үстемақы алмайды.

Астанадағы «Italita» мейрамханалар желісінің бірінде аспаз болып жұмыс істейтін қызметкердің айтуынша, оның жұмыс күні таңғы 10:00-де басталып, түнгі 12:00-ге дейін жалғасады. Аптасына алты күн істейді. Сәйкесінше, оның еңбек уақыты аптасына кемі 66 сағатқа шығады.

“Ешқандай келісімшарт жасамадық, берілетін жалақы көлемі де тек ауызша келісіммен тағайындалды. Алғаш жұмысқа келгенде тек медициналық кітапша әкелуімді сұрады. Ал еңбек шартын артынан жасаймыз деп келістік. Бірақ қазір де келісімшартсыз жұмыс істеп, еңбекақымды алып жүрмін”,- дейді мейрамхана қызметкері.

Редакция жұмыс беруші тарапынан қызметкерге қысым болмауы үшін пікір білдірген азаматтың аты-жөнін жарияламауды жөн көрді.

MNU тілшісі ресторандар желісіне телефон арқылы хабарласып, ақпарат алуға тырысты. Бірақ мүмкін болмады. Содан кейін «Italita» компаниясының «Ханшатыр» сауда орталығындағы мейрамханасына барып, қызметкерімен сөйлесті.

“Бізде барлық қызметкер 11-12 сағат жұмыс істейді. Ешбір қызметкер еңбек шартынсыз қызмет жасамайды. Қазір келісімшартсыз жұмыс істеп жүргендер жоқ”, — деді мейрамхана қызметкері.

Мейрамхана өкілі өзін мейрамхананың аға қызметкері деп таныстырды. Бірақ толық аты-жөнін айтудан бас тартты.

Заңгер, құқық магистрі Айдос Қалжанов үстеме жұмысқа жұмыскерлерді жұмылдыру тек жұмысшының жазбаша келісімі арқылы немесе еңбек кодексі бойынша жүзеге асырылатынын айтады.

“Келісім арқылы қосымша жасалынатын еңбекке төленетін жалақы жұмысшының бекітілген тарифтік ақысының 50 пайыздан кем емес мөлшерінде белгіленеді. Мейрам және демалыс күндері жұмыс төлемі жұмысшының күндізгі ақысына шаққанда 1,5 есе ден кем емес мөлшерде беріледі”, — дейді Қалжанов.

Заңгердің сөзінше, кейбір қызмет орындарында 8 сағаттан үш ауысымға жұмысшы алудың орнына 12 сағаттық екі ауысымға екі жұмысшы бекітеді. Бұл кәсіпкерлерге «ұтымды шешім» дейді.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 89-бабына сәйкес, жұмыс уақытын заңсыз асырған жұмыс берушіге алғашқыда ескерту жасалады. Ескертуден соң бір жыл ішінде ол тағы қайталанса, шағын кәсіпкерлік субьектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға 60 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), орта кәсіпкерлік субъектілеріне 80 АЕК, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне 120 АЕК айыппұл салынады.

Елордалық Өрен осыған ұқсас жағдайға тап болғанын айтады. Ол екі ай бұрын «Small» сауда желісінің біріне «Профрезерв» аутсорсинг компаниясы арқылы еңбек шартын бекітіп, жұмысқа тұрған. Бірақ көп өтпей жұмыстан шығып кеткен. Оның сөзінше, аптасына 5 күн 12 сағаттан еңбек еткен.

“Мен таңғы сағат 9-дан кешкі 9-ға дейін “Абылайхан 5” мекен-жайындағы супермаркетте жүк тасушы болып жұмыс істедім. Бастапқы келісім бойынша барлық сағатқа бірдей ақы төленді. Бір қызығы (жұмыс барысындағы) қысқа әрі ұзақ үзілістерге кеткен уақыттың ақшасын бухгалтерия есептеген жоқ”, — дейді ол.

Өрен еңбекақыға көңілі толмаған соң, көп өтпей жұмыстан шығып кеткен.

MNU Newsroom тілшісі “Профрезерв” компаниясының кеңсесіне барып, еңбек шарты туралы сұрап көрді. Компания өкілі Гүлім Таукелова үстемақы тек келісімшарттан бөлек сұратылғанда төленетінін айтты.

“Бізде барлық жұмыстар тек сағаттық төлемге бағытталған. Оның ішінде 6 сағаттық, 8 сағаттық, 12 сағаттық жұмыстар ұсынамыз. Ақы барлық сағатқа бірдей жүреді. Ал үстемақыға келер болсақ, тек жұмыс беруші орын бізге хабарласып, жұмыскердің уақытын тағы бірнеше сағатқа ұзартуды сұраған кезде ғана беріледі. Яғни жұмысшының келісімімен ұзарған сағатқа қосымша ақы төленеді,” — деді ол.

“Small” сауда желісінде жұмыс істейтін азаматтардың қаншасы Өрен секілді аутсорсинг арқылы барғанын білу мүмкін болмады. Компания кеңсесінде тілшіге барлық ақпаратты ресми сайттан алуға болатынын айтумен шектелді. Бірақ редакция іздеген мәлімет ресми сайтта болмады.

MNU Newsroom сауда желісінің электронды поштасына да хат жолдады. Әзірге жауап келген жоқ.

«Әділдік жолы» бірлестігі мүшесі Бауыржан Ахметжан Қазақстанда азаматтар өз құқығын білмегендіктен, еңбек эксплуатациясына жиі ұшырайды дейді.

“Негізінен еңбек саласында құқықтың бұзылуы көбінесе түсіндіру жұмыстарының жоқтығынан немесе шалалығынан болады. Түсіндіруші органдар халыққа түсінікті тілмен емес, даяр заңнаманы ұсына салады. Ал заңды бір оқып түсіну қарапайым халық түгілі заң айналасында жүргендер үшін де қиын. Шағымдану жоқ жерде құқық бұзушылық та жоқ. Осылайша біздің қоғамда еңбегінің қаналып жатқанын кейбері біліп, кейбірі заңға назар салмағандықтан білмей де жатыр», — дейді заңгер.

Қазақстанда жұмыс беруші мен қызметкер арасында жиі дау туады. Дегенмен, іс көбіне қылмыстық құрамы жоқ екені анықталып, жабылып қалып жатады. Себебі оны дәлелдеу қиын.

Еңбек эксплуатациясы кейде адам саудасына да жетелейді. ІІМ былтыр қыркүйекте “STOP-трафик” операциясы аясында адам саудасына қатысты 30 іс анықтаған.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *