Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Алимент төлемейтіндерге шара табылмай тұр - MNU Newsroom
Сб. Ноя 23rd, 2024
Фото: sharifflaw.comФото: sharifflaw.com

Өмірге сәби әкелген әр ата-анаға үлкен жауапкершілік артылады. Алайда қазір ажырасып жатқандар саны да, жауапкершіліктен қашып жүргендерде көбейіп келеді. 2016 жылы алимент қарызы екі миллиардты қамтыған болса, 2022 жылы 14 миллиардқа жеткен. Ал бүгінгі алимент бойынша көрсеткіш 20 миллиард теңгеден асып кеткен. 2022 жылмен салыстырғанда бұл сома 1,5 есе өскен.

Отбасы ажырасқанда балалар көп жағдайда анасымен қалады. Ал әкесі балаларына қаржылай қолдау, яғни алимент төлеп отыруға тиіс. Қазақстанда кейінгі жылдары борышкер әкелердің қарызы артқан.

Қазақстанда ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, 520 986 толық емес отбасы бар, соның ішінде 452 730-ы – жалғыз басты ана.

Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, 2023 жылы алимент өндіру туралы 326 328 атқару ісі жүргізілген. Оның ішінде 310 105 іс бойынша сот орындаушылардың талаптары ай сайын алимент төлеушінің жұмыс орнының бухгалтерлік қызметтерімен мәселе тудырмай орындалып келген, яғни алимент төлеп келген.

Ресми дерекке сәйкес, 16 197 іс (барлық істің 4,9 пайызы) бойынша қарыз сомасы 20,7 млрд теңгені құрап отыр. Қазір олар бойынша борышкерлер тарапынан ай сайынғы төлемдер жүргізілмейді. Бұл қарыз сомасында алдыңғы жылдардан қалған алимент қарыздары да бар. 

Соңғы деректерді ескерсек, алиментті өндіру, төлеу бойынша елімізде көптеген жұмыс қолға алынғанымен, нәтижесі айтарлықтай көп емес. Алименттен жалтарып жүргендер саны азаяр емес , — дейді отбасы және бала құқығын қорғаушы, заңгер Айбын Өтегенов. 

Ол бұл елдегі заңның осалдығынан болып отырғанын және салдарынан әке институтының әлсіреуіне алып келетінін айтады. 

«Бізде алиментке қатысты іс сот жүзінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 139-бабы арқылы қарастырылады. Осы заңның 1936 жылдан бері өзгермегенін ескеруіміз керек.  Сол үшін заман талабына сай өзгертулер енгізу қажет», – дейді заңгер.

Заңгердің сөзінше, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 139-бабы мен көпке белгісіз 152-бапты біріктіру керек. Сонда балаға алиментті әкесі не шешесі төлемеген жағдайда ата-әжесінен өндіріледі.

Былтыр ажырасқан астаналық Жанна бұрынғы күйеуіне алимент өндіру үшін сотқа дейін барғанын айтады. Сөзінше, сот шешімі шықса да ол салыстырмалы аз төлейді.

«Бұрынғы күйеуім жеке кәсіпкер (ЖК), өзі есепші, өз-өзіне бастық бола тұра, табысын жасырып отыр. Ең аз табыс құнын көрсетіп, маған екі балаға айына 18 мың береді. Бұл ақша ештеңеге де жетпейді. Маған тіпті балаларымызға бірге сатып алған пәтердің өзін бермей, түксіз қалдырды. Балаларды өзіне алып қалғысы келді және неше түрлі маған қарсы әрекеттерді жасады», – дейді 29 жастағы Жанна.

Заңгер Өтегенов борышкерлердің көбі алиментті аз мөлшерде төлеу мақсатында қолданыстағы заңдардың осал тұстарын пайдаланатыны жайлы және бұл мәселені қолға алу шараларын ұсынды.

«Алиментті бөліп емес, күнкөріс деңгейіне қарай орнатуымыз керек. Бүгінде ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге. Оны мемлекет жыл сайын белгілеп отырады. Ол заттардың, азық-түліктің бағасына байланысты. Яғни алимент осы деңгейден кем болмау қажет», – дейді ол.

Қазақстанда ажырасу деректері көбейген сайын, алимент бойынша қарызы барлардың саны да артып келеді. Сарапшылардың айтуынша, алиментті ала алмай жатқан жалғыз басты ана немесе әкеге көмек ретінде мемлекеттік алимент қорын құру керек.

Қазақстан халық партиясынан (ҚХП) сайланған Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов осы ұсынысты 2016 жылы парламенттің төменгі палатасының 6-шы шақырылымында айтқан. Депутат бұл қорды бюджеттен тыс түсімдер есебінен қалыптастыруды ұсынып отыр. Депутаттың сөзінше, кейін мемлекет күшімен борышкерден бұл ақшаны өндіріп алуға болады. Оның негізгі мақсаты – үш айдан астам әкесінен материалдық көмек алмаған балаларға алимент төлеу.

Бұл ұсыныс 8 жыл бұрын айтылғанымен, сол кезден бері еш қолдау таппаған. Ол әзірге ұсыныс ретінде қалып отыр.

Әділет министрлігі MNU Newsroom тілшісіне бұл ұсыныс туралы білетінін, мекемеде тыңғылықты талқыланғаны туралы айтты. Бірақ алимент төлеуді үкіметке арту инфантилизм мен жауапсыздыққа әкеп соғуы мүмкін деген шешімге келген.

«Қазіргі уақытта Әділет министрлігі алименттік қордың негізі  депутаттық сауал аясында қайта зерделеп жатыр. Сондай-ақ, алименттік қорды біздің елде құру жолында алғаш болып қаржыландыру мәселесі туындайды. Осы мәселелердің барлығы зерделеу барысында анықталып, мекеме аралық деңгейде талқылануға тиіс деп санаймыз. Бұл қарапайым мәселе емес», – дейді Әділет министрлігі Талғат Әбубәкір.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *