Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандықтар неге жиі несие алады? - MNU Newsroom
Чт. Ноя 21st, 2024
Фото: aikyn.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылдың 1 наурызында жалпы эканомикаға берілген несие көлемі 32,5 трлн теңгені құраған. Оның 53,3%-ы жеке тұлғаларға берілген. Бұл ретте бір айда бизнеске берілген кредиттер 16% өссе, халыққа берілген кредиттер сомасы 21% артып, 18,8 трлн болған. 2024 жылдың басынан бастап ай сайынғы көрсеткіш бойынша тұтынушылық мақсаттағы несилер ипотекалық қарыздардан 2 есе үстем түсіп отыр.

Informburo мәліметінше 5 жылдан бері банк алдындағы қарызын өтей алмай банкрот болған адамдар саны 5 мыңнан асқан. Олардың  берешегі 14 миллиард теңгеге жуықтайды.

Ментор, life-коуч Айгерім Мұхтарқызының айтуынша, көп адамдар қаржы сауатының болмауынан тұрмыстық қажеттілігін несиемен қанағаттандырып, болашаққа нақты жоспар құрмайды. Тіпті адамдар көбіне той жасау үшін де қарыз рәсімдейді, кейде өзіне қатыссыз несиені де алып жатады. Яғни, туысқандарының қажеттіліктері үшін де банк борышкері болатындар бар.

«Адам біреуге қарыз әпермес бұрын алынып жатқан қаржының несиесін өзі де төлей алатын жағдайда болуы керек. Яғни, ертең туысқаны ай сайынғы төлемді бере алмаған жағдайда өз қалтасынан сондай сома табылсын. Менің тәжірибемде біреуге әперген несиесі өз басына бәле болып жабысқандар өте көп. Мен мұндай ыңғайсыздықты болдырмас үшін тіпті, ешкімге несие алып бермеңдер дер едім», – дейді ментор.

Астана қаласындағы университеттердің бірінде екінші курста оқитын Айым есімді студенттің басында 4 несиесі бар. Ол алғашқы несиесін өзінің туысқан әпкесіне алып берген. Кейін өзіне соңғы үлгідегі ұялы телефон алған. Сосын Каспий дүкенін ашу туралы курс сабағын алуға және құлаққапқа тағы несие рәсімдеген.

«Менің ай сайынғы несие төлемім 108 мың теңге. Келесі айда өткен жылғы қарыздарым аяқталады, сонда тек 45 мың ғана төлейтін боламын. Сол кезде бір жеңілдеп қалатын сияқтымын. Қазір оқумен қатар даяшы болып жұмыс істеймін. Несиелерді уақытында жабу үшін жұмыстан сирек демаламын», – дейді 19 жастағы Айым.

Студент қарыздарын жапқаннан кейін барынша оқуына көбірек көңіл бөлгісі келетінін айтты. 

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономика зерттеулер институтының өңірлерді зерттеу орталығы жетекшісі Ерлан Каримовтың айтуынша, Қазақстанда екінші деңгейлі банктер беретін несиенің пайызы кемінде 20-25% және бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш.

«Банктер көбіне тұтынушыға несие беруге тырысады. Себебі онда тәуекел аз болып келеді, сонымен қатар ЕДБ (екінші деңгейдегі банктер) сатып алушы халық есебінен пайыз арқылы пайда көрсе, тауар сатушыдан банк қызметін қолданғаны үшін тағы да өз үлесін алады. Ал орта және шағын бизнеске қарыз беру оларға сәл тиімсіздеу. Өйткені олардың кепілдік мүлкін санау керек, қайтара алу-алмау болжамын жасау қажет», – дейді экономист.

Data Hub аналитикалық телеграм арнасының зерттеуінше, екінші деңгейдегі банктердің 2024 жылдың 3 айындағы пайдасы 569,5 млрд теңгені құраған. Яғни, тоқсандық қорытынды бойынша банктердің жиынтық пайдасы 11,7% өскен. 1 сәуірдегі ЕДБ активтері 52,9 трлн теңге болған. Бір айда активтер 960,6 млрд теңгеге өскен. Жүйеде шығынға ұшыраған ұйымдар жоқ.

Тұтынушы несиеден бөлек автонесие алу да ер азаматтар арасында жиі кездеседі. Көбі мұны берілген жақсы мүмкіндік деп ойласа да, пайдасынан көрі зиянын тартып жатқандар да жетерлік. Солардың бірі – астаналық 23 жастағы Асылбек. Ол былтыр Chevrolet Cruze көлігін 27%-бен Еуразия банкі арқылы 1,2 миллион алғашқы жарнасын төлеп, 5 жылға несиеге алған. Бастапқы өз бағасы 3,6 миллион болғанмен, банк есебі қосылғанда жалпы сомасы 4,3 миллионға шыққан.

«Тәуекел етіп көлік алған себебім такси қызметімен жан бағу еді. Кредитті жауып алғаннан кейін көлік толықтай өзімдікі болады деп ойладым. Бірақ салоннан су жаңа алмағандықтан, 4 айдан кейін бұзылып қалды. Жөндеуіне кететін сома өз құнынан асып кететіндіктен, амалсыз сатуға қойдым. Зақымы болған соң алған бағамнан арзанға беруге тура келді. Сол себептен әлі күнге жоқ көлігімнің несиесін төлеп жүрмін», – дейді ол. 

Асылбек көлікті аларда осындай жағдайларға моральды тұрғыда дайын болғандықтан, қатты еңсесі түспегенін айтады. Оның сөзінше, бұл ол үшін жай ғана сәтсіз практика болған.

«Кейде көліктің ай сайынғы төлеміне ақша жетпей жатады. Бәрінен де сол қиын. Жоқ нәрсеге ақша төлеуге ынта болмайды екен. Ең жаманы осы несиені жабу үшін тағы бір несиеге кіріп кеткенім», – дейді ол.

Кейде ЕДБ несие тарихының нашар болуына байланысты жеке тұлғаларға қарыз бермей жатады. Ондайда халық жылдам әрі кірісін еш дәлелдемей алатын микронесиелерді жағалайды. Алайда олардан ақшаны алу қалай тез болса, төлемінен асып кеткен сағаттар үшін пайызы да соншалықты көп. 

«Қазір микрокредиттің мөлшерлемесінің ең арзаны 45%, бірақ көбіне берілетін тиімді мөлшерлеме 56%-ды құрайды. Егер төлеу уақыты асып кеткен жағдайда айына төлейтін сомаға 0,25% күніне қосылып отырады. Сандар құлаққа тиіміз естілгенімен, мұның да жеке тұлғалар үшін өз пайдасы бар. Бұл жүйе жұмыссыз адамдардарға, жедел түрдегі қажеттіліктеріне өте қолайлы», – дейді микроқаржы бизнесімен айналысатын Саят Бекетұлы.

Сонымен қатар оның айтуынша, карантиннен кейінгі жылдары адамдардың той-томалақ үшін несие алуы азайған.

Қаржы сауатын үйрететін маман Ербол Жұмабаевтың ойынша, қаржыны жоспарламау үлкен мәселеге айналып келеді. 

«Қаржы сауатының жоқтығы адамдардың өзіне қажетсіз қалауларын сатып алғанынан көрінеді. Мысалы соңғы үлгідегі смартфон, құрдастарынан қалыспас үшін алынған көлік. Мұның барлығы отбасылық және жеке қаржылық жоспарының болмауынан. Сонымен қатар қарыз алудағы адамдар жіберетін қателік – бір кіріс көзіне қарап несие алу», – дейді Ербол Жұмабаев.

Сонымен қатар ол жеке бюджетті әр адам жоспарлау керектігін жеткізді. Күнделікті қажеттілікті ғана емес, болашаққа нақты қадамдар құрып, жалақыдан 20-30% инвестиция салу маңызын айтты. Оған қоса келешекте адамдардың бүгінімен ғана өмір сүріп, несие мөлшерлемесін арттырмас үшін 9 сыныптан бастап қаржылық сауаттылық сабақтарын жүргізуді ұсынады.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *