Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the cyrlitera domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-boost domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/mnu.kz/newsroom.mnu.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Дауға қалған ток-шоу: күйеуінен қорлық көрген әйелді табыстырғысы келген “Хабар” - MNU Newsroom
Сб. Ноя 23rd, 2024

«Хабар» телеарнасы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелді ток-шоуға шақырып, қорлық көрсеткен күйеуін оның келісімінсіз эфирге шығарған. Бұл жағдай жәбірленушіге ауыр тиіп, соңы дауға ұласты. Жоба жетекшілері жәбірленушіге эфир алдында агрессор күйеуі болмайтынына сендіріп, оның беті жабық болатынына уәде берген. Алайда бұл уәдені орындамай, жәбірленушіні эфир арқылы күйеуіне қоспақ болған ток-шоу көрермен сынына ұшырап, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған Гүлмира 18 жыл бойы күйеуіне төзіп келгенін айтады. Оның сөзінше, жылдар бойы күйеуі үйіне мас күйде келіп, өзін және балаларын таяқ астына алып отырған. Соққыға шыдап келген ол күйеуі ішіп келіп, қолын сындырып, омыртқасына зақым келтірген кезде төзімі таусылғанын айтады. Осыдан кейін жәбірленуші балаларын алып, Шымкенттен Астанаға қашып келген. 

Астана қаласында шағын пәтер жалдап, жұмысқа тұрған. Алайда, күйеуі 3 айдан кейін оларды тауып алып, мас күйінде тағы шу шығарған. Бұны естіген көршілер дереу полиция шақырып, күдіктіні тұтқындаған. Ал жәбірленуші 6 баласымен үкіметтік емес “Астана қорғау” ұйымын паналайды. 

Құқық қорғаушы әрі “Астана қорғау” жеке қорының басшысы Анна Рыль жәбірленушінің байланыс нөмірін “Хабар” арнасына өзі бергенін айтады. Себебі бұған дейін де “Хабар” телеарнасымен бірге жұмыс істеген және эфир арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жәбірленушіге көмектеседі деген үміт болған. 

Ток-шоу басшылығы алдымен Анна Рыльдің өзімен келісіп, кейін жәбірленушіге шыққан. Сөзінше, эфир басталмай тұрып, журналистер жәбірленуші мен оның үлкен қызынан сұқбат алған. Сұқбат кезінде бірі күйеуінен, екіншісі әкесінен қалай зәбір көргенін жеткізген. Алайда эфир ортасына қарай, жүргізуші кейіпкердің күйеуін ортаға шақырады. 

Тікелей эфир барысында журналист Самат Толықбай ораза айында кешірім беруін сұраған. Ал күйеуі өз әрекетін ақтап, әйеліне масканы шешіп тастауын өтінген. Эфир соңында ол жүргізушілердің қолқалауымен әйеліне гүл сыйламақ болады. Алайда кейіпкер гүл алудан бас тартады.

“Мен сенен гүл алмаймын. Сенен құтылғаныма шүкір. Бала-шағамда көргісі келмейді сені. Сендей әкені көргісі келмейді. Сенімен сөйлесейінші демейді”, — деді ол эфир барысында көзіне жас алып. 

Оның сөзіне қарамастан журналистер екеуін татуластырмақ болды. Ток-шоу жүргізушісі Самат Толықбай екеуі араласпай кетсе де, балаларын аптасына бір рет, бір сағат көруіне рұқсат етуін сұраған. Әйелдің сөзінше, балаларын көрсетуге ол қарсы емес, бірақ олар өздері әкесімен сөйлескісі келмейді. 

Тікелей эфирде жәбірленуші әйел үлкен стресс алғанын айтты. 

“Ең сорақысы, түсірілім барысында журналист [Самат Толықбайдың] бізге келіп, екеуін татуластырып, ажырасуына кедергі келтіретін ұйым болуларың керек деді. Ал редактор әкесіне адвокат пен психолог жалдап, балаларымен табыстыратынын айтқан”, — деп жазды Анна Рыль қордың Instagram-желісіндегі парақшасында. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелді күйеуімен татуластыруға тырысқан ток-шоу қоғам талқысына түсіп, үлкен резонанс туғызды. Бұл оқиғаны өзге де медиа ресурстар ары қарай таратты.

“Рейтинг пен жағымпаздану үшін азапталғанды тікелей эфирде көндіруге тырысады. Дәл осы сәтте Салтанат соты жайлы “Хабар” телеарнасы бір ауыз сөз айтпады”,- деді YouTube-интервьюер Тимур Балымбетов. 

Өз кезегінде «Хабар Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев қатысушылар мен көрерменнен болған оқиға үшін кешірім сұрады. 

«Бірақ»-тың, шалыс басқан қадамы әлі түзеледі. Редакцияға осындай дереу қоғамдық талқы, қолдау да маңызды. Дәл бүгін қатысқан кейіпкерлерден де, көрерменнен де сұраған кешірімімізді қабыл алыңыздар. Өз алдына қонағымыз болып келген Гүлмира Смайлова мен «Қорғау-Астана» кризистік орталығының ұжымынан жеке кешірім сұраймыз”,- деді ол Instagram парақшасында.

Көп өтпей мәдениет және ақпарат министрі де резонансқа қатысты пікір білдірді. Аида Балаева Facebook парақшасында бұл оқиға телеарна редакциясына сабақ болуы керегін ескертіп, бағдарламаның жабылатыны туралы жазды.

“Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ,…» бағдарламасынын шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы коғамда түрлі пікірлер туындатты. Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді», — дейді ол. 

Бұл жайғдайға байланысты «Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі комитет” “Хабар” арнасына этика тұрғысынан ұсыныс айтты. 

“Журналистердің этика және заң талаптарының сақталуын қалаймыз. Ол ешкімге міндет емес, бірақ ол ұсыныс”, — дейді комитет жетекшісі Жұлдыз Әбділдә. 

«Шалыс басқан қадам» деп бүркеудің қажеті жоқ. Бұл — ойластырылған диверсия. Әйтпесе мемлекеттік телеарна басшылары қорғаудағы адамның бетін эфирде көрсету, жәбірленушімен беттестіру этикаға да, заңға да қайшы екенін білуі керек”, — дейді журналист Перизат Мырзахмет әлеуметтік желіде қалдырған пікірінде.

Дауға қатысты кейін “Хабар” арнасының бас продюсері Дастан Шымырбай қызметінен кететінін мәлімдеді. 

“Болған инциденттен кейін басшылыққа барып, қызметтен кететінім туралы айттым. Өтініш жаздым. Мені ешкім мәжүрлеген жоқ”, — деді ол Азаттық тілшісіне. 

Қазіргі уақытта жәбірленуші “Астана қорғау” қорының қорғауында психологиялық көмек алып жатыр.  

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *